Динара Искакова: Автобизнес кемелдену кезеңіне қадам басты
Астанада Қазақстан автомобиль одағының (ҚАО) баспасөз мәслихатында Orbis Auto бас директоры Динара Исқакова компанияның өткен жылғы жұмысын қорытындылап, Қазақстандағы нарықтың басты бағыттарын саралады.
Orbis Auto Қазақстан нарығының 10,15%-ын иелене отырып, саланың ең ірі әрі жүйелі ойыншыларының бірі екенін тағы да дәлелдеді.. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания 22 559 жеңіл автомобиль сатты (2024 жылмен салыстырғанда +5%), оның ішінде 9 768-і – жүрілген автомобильдер (+7%).

2026 жылды «Orbis Auto» ұжымы қоржынындағы 18 брендпен (оның ішінде 11 дистрибуция бар) бастап отыр. Қазіргі таңда еліміздің 12 қаласында 67 дилерлік орталық жұмыс істеп тұр. Компанияның үлкен командасында
2 800-ден астам маман еңбек етуде.
Экономикаға қосқан үлесі туралы айта келе, Динара Искакова Orbis Auto бөлімшелерімен бірге тек соңғы 5 жылда 245 млрд теңге салық төлегенін хабарлады. 2023 жылы тәуелсіз Forbes Kazakhstan басылымы Orbis Auto-ны жеке компаниялар арасындағы еліміздің ірі салық төлеушілер тізімінде 6-орынға, ал 2024 жылы Қазақстанның ең ірі жеке компанияларының қатарында 9-орынға орналастырды.

2026 жылғы автонарықтың төрт басты тренді
Автомобиль нарығын дамыту перспективалалры туралы айта келе, Динара Искакова төрт басты трендті атады.
Біріншіден, сұраныстың ұтымды сипат алуы. Эмоцияға беріліп көлік сатып алу кезеңі артта қалып, оның орнын прагматикалық (салқын есепке негізделген) көзқарас басты.Несиелік келісімдердің үлесі 70%-дан асқандықтан, сауданың негізгі қозғаушы күші — тиімді қаржыландыру шарттары болып отыр. Енді сатып алушы көліктің тек бағасына ғана емес, оны күтіп-ұстаудың толық құнына (TCO), қайталама нарықтағы бағасына (қалдық құны) және сервистік инфрақұрылымның қаншалықты дамығанына баса назар аударады.

Екіншіден, қытай автоөнеркәсібінің эволюциясы. Динара Искакованың пікірінше, Қазақстандағы қытайлық брендтердің күрт өсу кезеңі өз шегіне жетті. 2025 жылы Қазақстанда қытай брендтерінің 85 408 жаңа автомобилі сатылды. Олардың жалпы сатылымдағы үлесі 38,4% құрады. 2026 жылға арналған болжам — сатылымды 98 000 бірлікке дейін және үлесті 42%-ға дейін арттыру. Бәсекелестік баға мен жиынтықтамадан өнім сапасына, брендке деген сенімге және сервистік қолдау деңгейіне ауысуда.
Үшіншіден, премиум-сегменттің трансформациясы. Қымбат көліктер санаты қазіргі уақытта үлкен қыспаққа түсіп отыр. Бұған еліміздегі базалық мөлшерлеменің жоғарылығы, валюта бағамының құбылмалылығы және салық жүктемесі тікелей әсер етуде. 2026 жылы премиум санаттағы көліктердің сатылымы 5 928 дана болады деп болжануда (2025 жылы бұл көрсеткі 5 968 болған). Ендігі кезекте ескі брендтер мен нарыққа жаңадан келген қытайлық премиум-маркалар арасындағы бәсекеде клиентті ұзақ мерзімді қолдау негізгі құралға айналады.
Төртіншіден, сүйемелдеу экономикасына өту. Динара Ысқақованың айтуынша, дилерлер үшін «саттың ба — ұмыт» деген модель келмеске кетті. Енді компаниялардың қаржылық тұрақтылығы клиенттің өмірлік циклін (LTV) басқаруға тікелей байланысты. Бұл — алғашқы саудадан бастап, техникалық қызмет көрсетуді, трейд-ин (ескіні жаңаға алмастыру) және келесі көлікті де осы орталықтан алуды қамтитын толық цикл.
2026 жылға арналған болжам

Orbis Auto бас директорының мәліметі бойынша, 2025 жылы Қазақстанда 222 332 жаңа автомобиль сатылды. 2026 жылы 5% деңгейінде ұстамды өсім 233 500 бірлікке жетеді деп күтілуде.
«Нарық кемелдену кезеңіне өтті. Бұдан былайғы қарқын кейінге қалдырылған сұранысқа емес, басқару сапасына байланысты болады. Салада сервистік инфрақұрылымы мықты, қаржылық моделі тұрақты және клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орната алған компаниялар ғана көш бастайды», — деп түйіндеді Динара Ысқақова.